Құрылыс нысандарына партиялық бақылау жасалды
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы партия бақылау комиссиясы аудандағы бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Рейдке "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Тиыштықов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы М.Ниязов, «Арал» СЖКБД филиалының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімше бастығының орынбасары Н.Аймағамбетов және «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабының басшысы Н.Ізтлеуов қатысып, салынып жатқан құрылыстардың сапасымен танысты.
Партиялық бақылау бойынша ең алдымен бақылау комиссиясының мүшелері аудандық партия филиалының ғимаратында арнайы отырыс өткізіп, талдау жасады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін айтқан болатын. Осыған орай ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпыұлттық жоспарын жариялады. «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасын жасады. Партия Төрағасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында: «Сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен – халық болып күресуіміз керек. Біздің партия күрестің алдыңғы шебінде болуы шарт», – деп бекер айтқан жоқ. Білгенге бұл оңай іс емес, рас, мұның жауапкершілігі жеткілікті. Партияның халықтық тұғырнамасы ел дамуының негізі бола тұрып, оны жүзеге асыруда кедергі келтіретін факторлар баршылық. Өз кезегінде кедергі мен кемшілікті тауып, жауапты мекемеге тиісті талапты қоя білу үлкен сауаттылықты талап етеді. Өйткені аймақтарда партия имиджін бекем қалыптастыру және партиялық бақылаудың пәрменін көрсету тек өзімізге байланысты. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін сыбайластыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек»,– дей келе, мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға шақырды. Партияның бет-бейнесі баянды істермен бағаланып жатса, демек ортақ жүкті жұмыла көтергеніміздің білдіреді. Ал, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мемлекеттік бағдарламалардың толық жүзеге асуына қоғамдық бақылау жасауға қашан да дайын»,– деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы.
Партиялық бақылау барысында анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер берілді. Қарлаң учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізу жұмысына жоба бойынша салынуы тиіс құбырлардың астына қалыңдығы 10 см құрғақ құм төселуі, темірбетон құдықтарының жер асты бөлігін 2 мәрте сырлау, задвижка винтельдерді орнату барысында жобадан ауытқымауы, Қазалы қаласындағы спорт алаңының құрылысына жасанды төсеніштің астындағы қабаттардың жобадағы талаптарға сай болуы ескертілді. Аталған ескертулер мен талаптар бойынша мердігер мекемелер барлық олқылықтардың орнын толтыратындарын айтты.

Гүлдәрі Иманалиева,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты.
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты.