Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс нысандарына партиялық бақылау жасалды

Құрылыс нысандарына партиялық бақылау жасалды

2018 жылдың 11 маусымында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы партия бақылау комиссиясы аудандағы бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған рейдке "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Тиыштықов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы М.Ниязов, «Арал» СЖКБД филиалының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімше бастығының орынбасары Н.Аймағамбетоа, «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабының басшысы Н.Ізтлеуов қатысып, салынып жатқан құрылыстардың сапасымен танысты.
Партиялық бақылау бойынша ең алдымен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудандық партия филиалының ғимаратыніда арнайы отырыс өткізіп, талдаулар жасады. "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет» деп атап көрсетті. Осыған орай ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпыұлттық жоспарын жариялады. «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасын жасады. Партия Төрағасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында: «Сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен – халық болып күресуіміз тиіс. Біздің партия күрестің алдыңғы шебінде болуы керек», – деп бекер айтқан жоқ. Білгенге бұл оңай іс емес, рас, мұның жауапкершілігі жеткілікті. Партияның Халықтық тұғырнамасы ел дамуының негізі бола тұрып, оны жүзеге асыруда кедергі келтіретін факторлар баршылық. Өз кезегінде кедергі мен кемшілікті тауып, жауапты мекемеге тиісті талапты қоя білу үлкен сауаттылықты талап етеді. Өйткені аймақтарда партия имиджін бекем қалыптастыру және партиялық бақылаудың пәрменін көрсету тек өзімізге байланысты екені даусыз. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» дей келе, мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиістігін қадап айтқаны белгілі. Партияның бет-бейнесі баянды істермен бағаланып жатса, демек ортақ жүкті жұмыла көтергеніміздің белгісін білдірсе керек. Ал, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мемлекеттік бағдарламалардың толық жүзеге асуына қоғамдық бақылау жасауға қашан да дайын."-деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы. Партиялық бақылау барысында анықталған кемшіліктер бойынша ескертпелер берілді. Қарлан учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізу жұмысына жоба бойынша салынуы тиіс құбырлардың астына қалыңдығы 10 см құрғақ құм төселуі, темірбетон құдықтарының жер асты бөлігін 2 мәрте қарамайлану керектігі, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынытын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысына темірбетон құдықтарының жер асты бөлігін 2 мәрте қарамайлану, задвижка винтельдерді орнату барысында жобадан ауытқымауы, Қазалы ауданы Қазалы қаласынан спорт алаңының құрылысына жасанды төсеніштің астындағы қабаттары жобадағы талаптарға сай болуы ескертілді. Аталған ескертулер мен талаптар бойынша мердігер мекемелер барлық олқылықтардың орнын толтыратындарын айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
16 маусым 2018 ж. 1 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930