Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары бекітілді

Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары бекітілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды inform.kz.
Құжатта жергілікті әкімдіктер бюджеттің кредит қаражатын сенім білдірілген өкілге тапсырма шарты бойынша беретіні айтылған. Ал жергілікті әкімдіктің өзіне бұл кредит республикалық бюджеттен 0,01 пайыз жылдық сыйақымен беріледі.
Жергілікті әкімдік жоба ұсынушыларға бұл кредитті 10 жылға дейінгі мерзіммен, ең жоғары сомасы 5 миллиард теңгеден аспайтындай етіп, номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5 пайыздан асырмай, АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге берілу керек.
Кредит сұралатын жобалар мына бағыттарды қамтуы тиіс:
тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдаланылатын суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі).
Кредит алушының кепілге қоятын мүлкі болуы шарт.
Сондай-ақ, негізгі борышты өтеуге 24 айдан аспайтын жеңілдік мерзімі беріледі.
08 қыркүйек 2023 ж. 10 219 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31