Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк ВТБ (Қазақстан) Kcell кредит желісін 1 млрд теңгеге ұлғайтты

Банк ВТБ (Қазақстан) Kcell кредит желісін 1 млрд теңгеге ұлғайтты

Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ.
– Кредит желісін ұлғайту – бұл Банк пен «Кселл» АҚ арасындағы үш жылдық табысты серіктестіктің тамаша мысалы. Біз серіктесіміздің өз желісін дамытуға қаражат салу ниетін құптап, алдағы жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары, Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма мүшесі Арман Мангитов.
«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу, сондай-ақ деректерді табыстау қызметтері, соның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS) ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания Қазақстан Республикасының барлық дерлік аумағын қамтитын өзінің жоғары сапалы мобильді байланыс желісі арқылы қызмет көрсетеді.
02 сәуір 2021 ж. 2 583 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031