2,5 пайызбен 5 млрд теңге: АШМ аграрлық жобаларға несие беру тәртібін жариялады
Несие 10 жыл мерзімге беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру қағидасын әзірлеп, оны жария талқыға ұсынды. Ережеде жергілікті атқарушы органдар арқылы несие агроөнеркәсіп жобаларына қандай шарттармен берілетіні жазылған.

Несиенің негізгі шарттары:
мерзімі – 10 жылға дейін;
ең жоғары сомасы– 5 млрд теңгеден аспайды;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды.
Несие қаражатына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа жобаларды бастау мен бұрын қолға алынған жобаларды дамытуға да болады.
Мұндай жобаларға келесілер жатады:
тауарлы сүт фермасы (қуаты 400 бас малдан бастап);
ет бағытындағы құс фабрикасы (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
көкөніс сақтау қоймасы (1000 тоннадан бастап);
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, жемшөп өндірісі).
Несие алу үшін кепіл болуы міндетті және негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Сондай-ақ, аталған несие түрін алуға үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;
өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
ауыл халқының табысын арттыру шеңберінде жобалармен ынтымақтастық және кооперация;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 күннен артық болмауы;
берік азық базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 5 шілдеге дейін.