Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Г. Әбдіқалықова: «Аудан әкімдігінің міндеті – бөлінген қаржыны тиімді игеру»

Г. Әбдіқалықова: «Аудан әкімдігінің міндеті – бөлінген қаржыны тиімді игеру»

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жұмыс сапары Байқоңыр қаласында және Қармақшы ауданында жалғасты.
Өңір басшысы бірінші кезекте Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы электр станциясының жұмысымен танысты.
Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған станцияны кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин баяндады. Қосалқы станция 1966 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Нысанды ағымдағы жылдың екінші тоқсанында толық пайдалануға береді деп жоспарлануда. Бағдарлама аясында 340 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Облыс әкімі жауапты басқарма басшысына қосалқы станциясының жаңғырту жұмыстарын сапалы жүргізуді және уақытылы бітіруді тапсырды.
Мұнан соң Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейіне және жаңадан салынған көп қабатты үйлерге барды. Аталған білім ұясында аймақ басшысы облыстық білім басқармасына Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысының оқушылары арасында демалыс уақытын тиімді өткізу, әрі тарихи орындарды таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.
Ары қарай облыс әкімі көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты. Бас дәрігер Жандос Әділхан Байқоңыр кешенінде COVID-19 инфекциясын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына қарасты Төретам ауылдық ауруханасында карантиндік – 30 және провизорлық – 15 төсек орындық бөлімшелер және 1 төсек орындық интенсивті-реанимациялық палата ұйымдастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық трассасынан Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылдық округіне, Төретам кентіне кіре беріс жолдарында 2 блок-бекет ұйымдастырылып, онда жалпы саны 16 мейірбике 24/7 қағидатымен жұмыс атқаруда. Барлық карантиндік, провизорлық стационардағы азаматтар бақылауда. Гүлшара Әбдіқалықова елімізде төтенше жағдай тоқтатылғанымен, аймақта карантин режимі жалғасатынын айтып, сақтық шараларын әлі де қатаң сақтауды және медицина қызметкерлерінің жетпеуіне байланысты мәселені шешуді тапсырды.
Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Мәңгілік алау» ескерткішінде гүлшоқтарын қойып, тағзым етті.
Жұмыс сапар барысында облыс әкімі Қармақшы ауданындағы құрылыс құмын және бетон бұйымдарын өңдіру цехының жұмысымен танысып, сапалы өнім шығаруды тапсырды.
Мұнан кейін өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға Қармақшы ауданындағы газ реттегіш пункті мен кварталішілік газ тарту жұмыстарының барысы таныстырылды. 2020 жылы жобаның құрылысын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Жоба бойынша 2019 жылы жоғары және орта қысымды 87,5 шақырым газ құбыры салынып, 3 дана газ реттегіш пункті орнатылды. Қазіргі таңда, қалған 72,5 шақырым газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталды. Нысанның аяқталу мерзімі 2020 жылдың қазан айына жоспарлануда. Жоба аяқталғаннан кейін, 20 мың тұрғын үй табиғи газдың игілігін көретін болады. Өңір басшысы бөлінген қаражатты мақсатты жұмсап, газдандыру жұмыстарын сапалы бітіруді тапсырды.
Одан кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қармақшы ауданының әлеуметтік экономикалық даму мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
«Өткен жылдың қорытындысымен облыста шағын және орта бизнеспен 418 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болса, оның ішінде Қармақшы ауданының үлесі шамамен 2,2 пайыз ғана. Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және мемлекеттік бағдарламаларды халық игілігіне пайдалану өте маңызды. «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаржыны тиімді пайдалану қажет. Бүгінгі күні бұл мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға 3 млрд. тенгеден астам қаржы бөлініп, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу бағытында барлығы 40 жобамен жұмыс жасалуда. Сондай-ақ, 800-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Басталған жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқтаңыздар», – деп тапсырды облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, өңір басшысы Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде болды. Елді мекендердегі көктемгі егіс науқанының жұмыстарымен танысып, аудан әкіміне бірқатар тапсырма берді.
«Қармақшы ауданында биылғы жылы 22 920 гектарға егіс орналастыру межеленген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде аудандық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілу керек және міндетті түрде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалаңыздар», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
17 мамыр 2020 ж. 897 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031