Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова блок-бекеттің жұмысымен танысты

Гүлшара Әбдіқалықова блок-бекеттің жұмысымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы блок-бекеттің жұмысымен танысты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Аймақ басшысы «Шиелі-Қызылорда» тас жолына қойылған тосқауыл бекетіне барды. Карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы облыс әкіміне қаладағы ахуал туралы есеп берді.
Қазіргі таңда қала бойынша 6 тосқауыл бекеті қойылды. Әр бекетке әскери бөлімнің 14 қызметкері бекітілген. 10 адамдық шатыр тігілген. 1 арнайы техника мен адам тасуға арналған көлік те қарастырылған, – деді басқарма басшысы.

Бүгінгі таңда тосқауыл бекеттерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілген. Облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау бақармасының мамандары тәулік бойы қызмет атқаруда.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова карантин талаптарын қатаң сақтауды міндеттеді. Тосқауыл бекеттеріндегі қызметкерлердің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін де басты назарда ұстау қажеттігін тапсырды.
01 сәуір 2020 ж. 706 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031