Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкесі 8 жастағы баланы өлімші еткен

Әкесі 8 жастағы баланы өлімші еткен

Әлеуметтік желіде 8 жастағы баланы әкесі арматурамен ұрғаны баяндалған видео тарады. Бейнежазбадағы ақпаратқа сәйкес, оңбай таяқ жеген бала қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының  Есік қаласындағы ауруханасында жатыр.

«8 жасар баланы өз әкесі арматурамен ұрып,  өлімші күйге жеткізген. Анасы да дәл осындай күйде бас сауғалап қашып кеткен. Алматы облыстық ауруханаға түскен бала "Көмектесіңізші!!!  Әкемді 20 жылға қамауға бола ма? " деп жалынады. Ертең ауруханадан шықса оны заң бойынша жалғыз туысы әкесіне ғана  береді» — деп  жазған журналист Гүлмира Абықай өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Журналист Алматы облыстық Полиция департаментінен, заңгерлерлер мен балалардың құқығын қорғаумен айналысатын өкілдерден көмек сұраған.  Баланың өміріне араша түскен  Г.Абықай мұндай бассыздықты «отбасылық кикілжің» деп қарамауды сұрайды. Ал Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іс бойынша ҚР ҚК 140 бабына сәйкес сот алды тергеу басталғанын жеткізді.
02 шілде 2019 ж. 1 578 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031