Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жасар баланы құтқарған тәртіп сақшыларына алғыс білдірілді

Үш жасар баланы құтқарған тәртіп сақшыларына алғыс білдірілді

Өткен айдың соңғы аптасында бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда қаласында учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйдің терезесі алдында тұрған үш жасар баланы құтқарып қалғандығы туралы ақпарат таратылды.
Оқиға Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алған. Көпқабатты үйдің жоғарғы қабатының бірінде ашық тұрған терезенің жақтауында сәбидің отырғандығын көрген полиция аға лейтенанты Жасұлан Сарбалаев газ құбыры арқылы жоғары өрмелеп, терезе алдында отырған баланы пәтерге алып түскен.
Бұл уақытта полиция майоры Бауыржан Алдаберген баланың ата-анасын анықтауға кіріскен. Анықталғандай баланың анасы жұмыста болса, әкесі есік алдындағы дүкенге шығып кеткен.
Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жолында ерекше жауапкершілік танытқан тәртіп сақшыларын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов қабылдады. Қабылдау кезінде полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қызметтеріне абырой тіледі.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов: "Учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында үш жастағы сәби құтқарылды. Өздерінің қызметтеріне жауапкершілікпен қараған осы қызметкерлерге алғыс білдіруді жөн санадым. Тәртіп сақшыларының іс-әрекеті басқаларға үлгі болары сөзсіз", - деді.
Бағдат ӘБДІҚАДЫРОВ,
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
12 наурыз 2019 ж. 1 989 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 174

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 152

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930