Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлқожаның әніне билеген "Алтын белгі" иегерінің биі желіде хит болды (ВИДЕО)

Әлқожаның әніне билеген "Алтын белгі" иегерінің биі желіде хит болды (ВИДЕО)

Жұлқына билеген оқушыны педагог тоқтата алмаған соң, полиция араласқан.

"Алтын белгi" иегерінің мектеп бітірушілер құрметіне арналған концерт кезіндегі биі әлеуметтік желіде бірнеше сағат ішінде 11 мың лүпіл жинап үлгерген, деп жазады Arnapress.kz. "Алтын белгіге бітірген кездегі сезім", - деп жазады видеоны желіге жүктеуші.

 


Шынында да, мектеп бітіруші түлектің қуанышы алғашқы видеодан-ақ сезіледі. Мектеп формасында, ақ бантигімен, "Алтын белгі" иегерінің таспасын таққан оқушы қыз, ән басталғаннан-ақ билей жөнеледі. Алайда, мектеп оқушысының қуанышты биін ересектер тоқтатты. Алдымен "Алтын белгі" бишісін педагог апайлардың бірі тоқтатпақ болады. Ыңғайға көне қоймаған биші сол жердегі полиция қызметкерінің араласуымен өзге қатарластарының жанына баруға мәжбүр болды. "Ол осы биге лайық! Жарайсың, қыз! Жолың болсын!", "Балаларыңыз мектеп табалдырығын аттағанда түсінесіздер. Менің балаларым мектеп бітіргенде өзім осылай билейтін секілдімін!", "Жарайсың, қыз!!! Құқығы бар!!! Ал полиция мен педагогтар өз репертуарында. Балаларға эмоцияларын шығаруға жол беріңіздер! Олар заңды бұзбайды", "Жарайсың, мектепті Алтын белгіге бітіргенің құтты болсын!. Қайталанбас сезім, барлық көңіл мен назар өздерінде екенін сезініп қуанып жүр. Дұрыс жасайды, билесін, мұнда тұрған ештеңе жоқ"- деп жазады желі қолданушылары.


17 маусым 2019 ж. 3 402 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930