Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Анам қайтыс болғанда базар аралап, жылқы іздеп жүрдім": Роза Рымбаева өміріндегі ауыр сәт туралы айтып жылады

"Анам қайтыс болғанда базар аралап, жылқы іздеп жүрдім": Роза Рымбаева өміріндегі ауыр сәт туралы айтып жылады

Халық әртісі Роза Рымбаева өмірінде жылайтын күндердің көп болатынын жасырмады. Көңіліне қаяу түсірген күндердің артта қалғанына қарамастан, қазірдің өзінде ішінің жылап отырғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Аман Тасығанның «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасап. 
«Жылаған сәттерді халыққа көрсете берудің қажеті жоқ. Кейінгі кезде сіңілім ауырып, ракқа шалдыққаны белгілі болды. Миына ота жасалып, бір өлімнен аман қалды. Сол отаны жасап жатқан кезде анам қайтыс болды. «Таңертең ояна ма, оянбай ма?» деген сұрақ туындады. Сіңілім креслода отырып немесе жатып қалса не боламыз? Өзім де «Күйеуі мен бала-шағасы болса да, өз қолыма аламын. Ал күйеуіне өзінің жағдайын өзі жасасын» деп айтамын деген шешімге де келіп қойдым. Үйімде оған арналған бір бос бөлме бар. Көздің жасы сорғалады. Құдайдың маған берген емтиханы шығар деп ойладым», - дейді әнші. 
Әрі қарай ол өзіне ұлының үлкен қолдау көрсеткенін айтты. Әли Оқапов оған көз жаспен ешнәрсе өзгертуге болмайтынын айтып, жыламауға кеңес берген. 
«Әли «Мама, көз жасыңмен ешкімге көмектесе алмайсың. Не де болса көреміз, жылама» деп басу айтты. Содан кейін тұрып, киініп, жуынып, тағы да сол ауруханаға қарай жүгірдім. Таңғы алтыда анамның қайтыс болғаны туралы хабар келіп, сол жаққа қарай бет алдым. Ол кез – 1 сәуір, дүйсенбі болатын. Қар аралас жаңбыр құйып тұрды. Содан жылқы іздегенімді білемін. Елдің барлығы үйге келіп, жылап көрісіп жатса, мен базарлардың бәрін аралап, жылқы іздеп жүрдім. Себебі, дүйсенбі күні базар істемейді», - дейді ол. 
Сондай-ақ, әнші арада қанша күн өтсе де, мұндай ауыр сәттердің мәңгі жадында қалатынын айтты. 

25 сәуір 2019 ж. 1 408 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930