Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өзімді танымай қалдым: Бағлан Әбдірайымов 6 жыл бойы бала сүйе алмауына жындар кедергі болғанын айтты

Өзімді танымай қалдым: Бағлан Әбдірайымов 6 жыл бойы бала сүйе алмауына жындар кедергі болғанын айтты

Әнші Бағлан Әбдірайымов пен жұбайы Роза тұңғыш қызынан кейін 6 жыл бойы сәбилі бола алмай жүрген еді. Олардың шаңырағында былтыр қуанышты жағдай орын алып, екінші перзенті өмірге келді. Өз сөзінде әнші шариғат жолымен емделгеннен кейін осындай қуанышқа кенелгенін жасырмады.

Бұл туралы «Жігіттер» тобының әншісі журналист Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Бағлан Әбдірайымовтың айтуынша, ол 3 жыл бойы біртүрлі өмір сүрген. Әр нәрседен қорқып, бойын үнемі үрей билеген екен.
«Бір жарым жыл ауырдым. Бойымды қорқыныш сезімі билеп алды. Екі қадам жасауға қорқатынмын. Ұшаққа отырсам да, қуансам да, бір жаққа барып келсем де қорқыныш бойымнан кетпеді. Таңертең тұрып, тісімді жуу керек деген миға сигнал барған кезде үрей қайтадан басталады. «Жын ұратын шығар» деп ойладым. Бармаған ауруханам жоқ. Алмаған ем жоқ. Алматы қаласындағы психиатриялық ауруханаға да бардым. Сол жердің меңгерушісімен сөйлесіп, бәрін айтып бердім. Қымбат-қымбат екі дәрі берді. Оны екі күн іштім. Өсімдік сияқты болып қалады екенсің. Содан басылған жоқ. Өзімді танымай қалдым. Меңіреу сияқты жүрдім. … Содан кейін сол дәрілерді лақтырып жібердім. Бұның емі дәрі емес. Содан дем салатын кісілер бар, басқасы бар емдеп, оқыды. Сөйтіп көзім ашылды. Сонда мені бір жарым жыл бойы мазалаған жындар екен», – дейді Бағлан мырза.
Өз сөзінде әнші тұңғышынан кейін 6 жыл бойы сәбилі бола алмауын тылсым әлеммен байланыстырды. Журналистің: «6 жыл бойы 3 әріп кедергі келтірді ме?» – деген сұрағына жауап берген Әбдірайымов «солай деуге де болады» дейді.
«Шариғат жағынан ем-дом қабылдап едік, шипаны Құдай берді. Келіншегім бес уақыт намазы түгел жан. Аллаға деген сенімі күшейген кезде Жаратушыдан осындай сыйлық келді. Олар (жындар – ред.) бар тіршілік қой. Мұсылманы, мұсылман еместері бар. Біреулердің оқытып, арнайы айдап салатыны бар. Осындай кедергілер, біздің отбасының шырқын бұзу үшін келген кедергілердің қорғаны сүрелер болып шықты», – дейді Бағлан Әбдірайымов.
Айта кетсек, өткен жылдың тамыз айында әншінің отбасында 6 жыл күткен сәбиі дүниеге келген еді. Әбдірайымов қызына Айадина деген есім берген.
stan.kz
30 қаңтар 2019 ж. 3 425 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031