Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отырып қалған құрбысын аяп, өз күйеуіне тоқал болуды ұсынды

Отырып қалған құрбысын аяп, өз күйеуіне тоқал болуды ұсынды

Луиза Манапқызы жасы 40-қа жақындаған құрбысын аяғаны соншалық, онымен өз күйеуін бөлісуге дайын. Айтуына қарағанда, оң босағада отырып қалған құрбысына жақындары сырттан бала табуға рұқсат берген. Алайда құрбысы біреумен ойнас болғысы келмейді екен. 

Бұл туралы 7-арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz.

Сөзіне қарағанда, құрбысы келесі Жаңа жылға дейін тұрмысқа шықпаса, ЭКО жасатуға немесе бала асырап алуға бекініп отыр. Мұны естіген Луиза оған өзінің күйеуіне тоқал болып тиюге ұсыныс жасаған. 

"ЭКО істетемін дегенін естіп мен: - Ақымақсың ба? Менің күйеуім тұр, соған тоқал болып шық. Үш бөлмелі үйде тұрып жатырмыз, біреуін босатып беремін. Дүйсенбі менімен, сейсенбі сенімен деп мен әзілдеп айтып жатырмын. Өмірге келмеген балаға жаным ашып, құрбыммен өз күйеуімді бөліспекші болдым", - дейді Луиза Манапқызы.

Айтуынша, күйеуі 7 ағайындының ішіндегі үлкені. Қайын жұртыма бәрін өзін түсіндіремін, деген Луиза бар жауапкершілікті де өз мойнына алып отыр. Ол күйеуін қызғанатынын жасырмайды. Алайда дүниеге әлі келмеген сәбиге жаны ашығандықтан, осындай қадамға барып отыр. 

"Жаныстарды (ред. күйеуінің руы) өз мойныма аламын, некеңді мешітке апарып өзім қиып беремін. Бала-шағам өсіп қалды, сенің балаңның жаялығын жуып береді. Есесіне балаңның ағайыны болады дедім", - дейді Луиза Манапқызы. 
14 наурыз 2019 ж. 1 571 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031