Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяғымның давлениесі бар еді

Аяғымның давлениесі бар еді


Аранды ауылында тұрған Қорғанбек деген кісіні көпшілік тапқырлығымен таниды.

Бірде жаз аяқталып, күздің жаңа кіріп жатқан кезі болса да, күн суып, жаңбырлатып кетіпті. Сондай кезде жақындарының бірі қайғылы жағдайға ұшырап, қазақы ғұрыппен көңіл айтуға барады. Қаралы үйге жиналып, ниеттестігін білдіріп жатқанда, таныстарының бірінің көзі Қорекеңнің аяғына түсіп кетеді. Ол үстіне күздік күрте, аяғына алдыңғы, артқы жағы ашық тұратын жаздық жеңіл аяқ киім киген екен. Әлгі кісі жөн сұрасып, жайласқан соң:

— Қореке-ау, өзің жоғары білімді азаматсың. Аяғыңдағың не? — депті.

— Байқап үлгердің бе? Өзі солай, қалың кисем көтеріліп кететін аяғымның давлениесі бар еді, — деп жауап беріпті сабырлы қалыппен.

Серіктестері қайтар жолда: «Аяқта да давление болушы ма еді? Бұрын-соңды естімеппіз», — десе, Қорғанбек:

 — Айтасыңдар-ау, аяқта давление қайдан болсын. Осыны кигісі келіп киді деймісің, төплейіміді таба алмағасын амалсыз сүйретіп отырған жоқпын ба? — депті алғаусыз.
Бағлан АБЗАЛ
20 сәуір 2019 ж. 1 507 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930