Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажалдан арашалап қалды

Ажалдан арашалап қалды

Қазіргі таңда қоғамда сан түрлі жайттар орын алып жатады. Және оны әлеуметтік желіде бөлісіп, ақ-қарасын талқыға салу желі қолданушылары арасында үрдіске айналды десек болады. Халық көңілі толмайтындармен бірге үлгілі іске алғысын да білдіріседі. Жақында жергілікті тұрғынның «Facebook» парақшасынан осындай жазбалардың бірін оқыдым. Онда полиция қызметтік көлігінің нөмірін көрсетіп, ажалға араша түскені туралы жазылған. Анығын сұрастыра келе таңқаларлық жайттың куәсі болдық.

Оқиға өрбіген уақыттан бір күн бұрын полиция бөлімшесіне жақын маңдағы ауылдық округтегі оқыс жағдай бойынша хабар жетеді. Онда аң аулауға шыққан екі жігіт белгісіз себептермен жарақаттанып қалғаны айтылған. Қылмыс орнына аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Жалғасхан Жакупов, учаскелік полицей Асылбек Құрымбаев, аға тергеуші Бауыржан Тұрман және криминалист Құдайберген Тағыбергенұлынан құралған жедел топ жеткенімен, біршама уақыттан кейін қараңғы түсіп кетуіне байланысты зерттеу жұмыстары кейінге қалдырылады. Таң ата мойындарына алған міндетті тапсырманы аяқтағаннан кейін аудан орталығына жетеді. Біржан сал көшесіндегі «Калибри» мейрамханасына жақындағанда көз ұшындағы құлап жатқан адамды байқаған Жалғасхан көлікті тоқтатады. Әуелі ішімдікке масайған біреу шығар деп ойлағанымен, кейін егде тартқан әйел екенін біледі. Бұл жөнінде сол маңда болған куәгер Ажар Оразбайқызы:

– Мен үйге қайтып келе жатқанмын. Алдымнан екі әжей кездесті. Құлағымда – құлаққап, әуен тыңдап, жандарынан өтіп кеттім. Кенет қатты дауыс шыққандай болды. Артыма қарасам, жаңағы әжелердің біреуі жерде құлап, екіншісі айқайлап көмек кешақырып тұр. Дереу жүгіріп барсам, әжейдің түрі бозарып, қалтырап жатыр екен. Көп ойланбастан жедел-жәрдемге телефон шалдым. Артынша көшенің арғы бетінде кетіп бара жатқан полицей көлігі бұрылып, бізге келді. Ішіндегі ағалар асқан жылдамдықпен әжеге алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісіп кетті, – дейді.

Ал Жалғасхан Алмасұлымен тілдескенімізде, оның көздерінен адам өмірі үшін күрес кезіндегі «өліп кетпесе екен» деген тілекке жағалас қорқынышты анық байқадық.

– Біреуге қас қағым сәттей көрінер, бірақ тыныс алуын тоқтатқан әжейдің қалыпты дем алуы үшін жағдай жасау маған тұтас шексіздіктей көрінді. Себебі біз жеткен сәтте оның түр-әлпетінен ес-түссіз жатқанын сездік. Қырындата жатқызып, тыныс жолын ашуға тырыстым. Басқа қызметкерлер қол-аяғын уқалап, денесіне жан бітіру қамына кірісті. Жақ сүйегі бір-біріне желімделіп қалғандай көрінді. Тіс арасынан әрең дегенде саңылау тауып, саусағымды салдым. Құрысып қалған жақ қолымды қысып қалды. Бірақ тыныс жолы жабылып қалмас үшін бәріне де көнуге тура келді, – деп еске алды ол.

Осылайша он минуттан аса уақыт өткен. Жиналған жұрт тамыр соғысын ұстап көріп, әжейді өлдіге балаған. Полицей әйел-ананы аман алып қалу жолындағы алғашқы көмекті тоқтатқысы келмеген. Осылай тұрғанда Жалғасханның қолы жылы леп сезеді. Әжейдің жақ сүйегі босап, денесі қимылдай бастаған. «Сол сәттегі барлығымыздың көңіліміздегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді полицей.
Бұдан кейін жедел-жәрдем көлігі келіп, науқасты ауруханаға алып кеткен. Сұрас­тыра келе полицейлер екінші өмір сыйлаған әжей 63 жастағы Маржан Дүйсенбаева екенін анықтадық. Ол өзінің мекен жайы ретінде Ақтөбе қаласын көрсеткен. Кейіпкер туралы бұдан артық мәлімет таба алмадық. Ал қызметтік міндетімен қатар азаматтық парызын ойдағыдай орындаған полиция қызметкерлерінің бұл ісі көпке үлгі екені анық.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
16 сәуір 2019 ж. 1 225 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930