Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таң алдында кездескен қыз

Таң алдында кездескен қыз

Кеңес өкіметімен бірге келмеске кетіп, шежіреге қосылған оқиғалардың бірі – Шопандар тойы. Думанға толы сол дәуренді күндерден қалған естеліктердің бірі – қызылордалық кәсіпқой фототілшінің мына бір сәтті суреті. Ең қымбат, ең жедел фотокамералармен де уысыңда ұстай алмайтын сәтті жібермеген Болат Омарәлиев ағамыз бұл фотоны былай сөйлетеді.
– Байырғыда Қызылорда облысы, Сырдария ауданының қойшыларының жайылымдары Жезқазған өңіріндегі Ұлытаумен, одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ аудандарымен шектесіп жатушы еді. Сырдария ауданы Сарысудағы мал жайылымынан ерте көктемде жайлауға шығып, қойды төлдетіп, күзге қарай семіртіп, қыстауға Сырға қайта құлайды. Осы үрдіс 1960 жылдан бастап 1990 жылдарға дейін жалғасты. Сол заманда мамыр айының аяғына таман қой төлдеп болғасын, үш күн қатарынан шопандар тойы өтеді. Малшылар да осы кезде бір сергіп қалушы еді.
Құда келгендей қызықты думанның алғашқы күні озат шопандар марапатталады. Екінші күні ат бәйгесі болады. Ол кезде шопандар тойынан басқа жерде ат бәйгесі өтпейтін. Газет тапсырмасымен осындай бәйгенің талайына қатыстым.
Шамамен 1975 жылы болуы керек, аудандық газет редакторы, ақын Махмұтбай Әміреев екеуміз іссапарға шықтық. Махаң менің бастығым, мен сол аудандық газетте фототілшімін.
Шопандар тойы Жезқазған өңірімен шекаралас «Қыздың шұбары» деген жерде Сарысу өзенінің бойында жылда өтеді.
Махаң екеуміз тойдан бір күн бұрын ертерек келіп, бір қойшының үйінде демалып жатсақ, таң алдында қойшының қызы иінағашпен су алып келе жатыр екен. Сирек көрініске таңдана қарап, үйдегі фотокамераға қарай жүгірдім. Фотоаппаратымды алып жетем дегенше, бір аттылы жас жігіт те атынан түсіп қыздың шелегінен су іше бергенде әрең үлгірдім. Суретті түсіріп болып артыма қарасам, Махаң сыртымыздан бақылап тұр екен. Екі көзінде жас. Осы көрініске қатты толқыған-ау, шамасы, мені бас салып құшақтап алды, дейді өз ісінің хас шебері.
Айнаш ЕСАЛИ,
12 шілде 2018 ж. 2 528 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031