Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария өзенінде мұзға түсіп кеткен ер адам құтқарылды

Сырдария өзенінде мұзға түсіп кеткен ер адам құтқарылды

«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» Сырдария мұзына түсіп кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Облыстық Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен ескі базар жанындағы Қорқыт Ата ескерткішінің маңында белгісіз ер адам Сырдария өзенінің мұз бетіне шыққаны жөнінде хабар түседі. Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға жедел шығып кетеді. Сырдария өзенінің жағалауына жетіп, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Сырдария өзенінің сол жағалауына өтті. Онда мұз бетінде жатқан ер адамды тапты. Құтқарушылар ер адамды арнайы құтқару тақтайшасының көмегімен оң жағаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен уақтылы алынған ақпараттың арқасында, адам өмірін сақтап қалды.
www.inform.kz
13 қаңтар 2018 ж. 1 507 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031