Сүйген қызын алып қашқан жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Адвокат Шағатаевтың айтуынша, жауапкер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Менің клиентім жауапсыз махаббаттан, сүйгенін жоғалтып алудан қорыққандықтан, қазақтың дәстүрі бойынша сүйікті қызын ұрлап, үйіне әкеліп, оны туыстарына қалыңдық ретінде таныстыруға шешім қабылдады. Ол бұл істі өзінің досына тапсырған. Досы тағы үш жолдасын бұл іске араластырады. Соңында төрт адам қызды жұмыс орнынан алып, күйеу жігіттің үйіне әкеледі. 40 минуттан соң полиция келіп, жәбірленуші мен күйеу жігітті бөлімшеге алып барды.
Қыз күйеу жігіттің үйіне келгенде оны бетінен ұрған. Күйеу жігіт те қызды тыныштандыру үшін бір рет шапалақ берген. Осы үшін қыздың бетінде кішкене із қалған. Басқа дене жарақаттары жоқ. Жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген жоқ, бірақ айыпталушылар кінәлі деп танылды. Алайда қыз әкесінің ықпалымен оларды кешірмей, соттан бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. (...) Қаулы өте қатаң - 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жігіттерге обал болды. Олар әлі жас, ақымақ. Ең бастысы олар қоғамға ешқандай қауіп төндірмейді», - деді адвокат.