Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылшадан қатер бар

Қызылшадан қатер бар

Адамдар арасындағы өте жұқпалы антропонозды жіті респираторлық вирустық ауру­дың бірі – қызылша. Оның ауру қоздырғышы – вирус. Бұл дертпен әрбір екпе алмаған адам ауы­рады.
Қызылша ауруы ауа арқылы таралады. Вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілекей арқылы жұғады. Ал, негізгі белгілері – дене қызуының 38-40°С-қа дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, түшкіру, бастың ауырсынуы. Сондай-ақ қабақтың ісінуі және конъюктиваның қызаруы, жұт­қыншақтың ісінуі, денеде бөртпелердің шығуы аурудың пайда бола бастағанының көрінісі.
Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында 15-21 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру циклді түрде дамиды. Дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріліп, шаршағыштық, тәбеттің нашарлауы пайда болады. Аймақтық лимфа түйіндері (мойын және шүйде) үлкейеді және оларды пальпациялағанда ауырсыну сезімі анықталады. Балалардың 50 процентінің көкбауыры үлкейеді. Өкпеде шашыраңқы құрғақ сырыл, кейде көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Кейбір науқастарда ішінің ауыруы және өтуі байқалады. Аурудың шиеленісу кезеңінде типті қызылшаның диагнозы қиындық тудырмайды. Қызылша экзантемасының пайда болуына дейінгі бастапқы кезеңде, диагноз төменгі қабақтың ісінуімен қатар, көздің дәнекер қабығының қабынуына, ауыз қуысында «Бельский-Филатов-Коплик» дағы­ның анықталуына, бөртпенің дақты-паулезді, қосылуға бейім бөрт­пелердің сатылы түрде да­муына негізделеді.
А.ИІМБЕТ,
аудандық орталық аурухананың дәрігер иммунологы
26 ақпан 2019 ж. 2 108 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 52

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 47

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031