Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингококкты жұқпадан сақтанайық

Менингококкты жұқпадан сақтанайық

Менингококты жұқпа – ми және жұлын қабығының қабынуымен өтетін жедел жұқпалы ауру, қоздырғышы менингококк.
Инфекцияның берілу жолдары: Ауа тамшылы жолымен, яғни сырқаттанған адаммен немесе қоздырғыш тасымалдаушымен қарым қатынаста болған кезде; Тұрмыстық байланыс жолымен – бұл күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар арқылы, ыдыс аяқ ойыншықтар арқылы; Тағам арқылы-тамаққа жуылмаған көкөністер мен жемістерді қолданғанда; Су арқылы – ашық су қоймаларында немесе бассейндерде шомылу кезінде.
Менингококтар сілекейде, мұрын шырышында 2 тәулікке дейін, қараңғы жерде – 4-5 тәулік тіршілігін сақтайды. Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен менингококктар 1-2 сағат арасында, қайнатқанда бірден жойылады, ал 10°С температурада – 2 сағаттан кейін тіршілігін жояды. Химиялық дезинфекциялаушы заттар әсерінен менингококтар тез жойылады (хлораминнің 0,5% – 1%-дық ерітіндісі, 70%-дық спирт).
Менингококк инфекциясының клиникалық белгілері әр түрлі, жасырын кезеңі 2 -10 күнге, көбіне 5-7 күнге созылады. Ауру әлсіздік, тәбет төмендеу, жөтел, мұрын бітелуінен бас­талады. Сау жүрген адамда кенеттен жан шыдатпайтын қалтырау пайда болып, дене қызуы 39-40 градусқа көтеріледі, басы қатты ауырып, құсады.
Аурудың алғашқы сағаттарында-ақ мазасыздану, қозу байқалады. Жүйке жүйенің зақымдану белгілері – менингиалды белгілер пайда болады. Науқас менингит жағдайында: басын шалқайтып, бүйірінен жатады, аяқтарын тізе және жамбас буындарын да бүгіп, бауырына тартып алады. Науқастың осы сәтте қалтырау, қолының дірілдеуі күшейеді, көзінің қитарлануы, еріксіз жыпылықтау орын алады.
Менингококты жұқпалардың алдын алу шаралары:
– Аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда (тамақтың қызаруы, ыстығы көтерілу, бас ауру, әлсіздік) дереу медииналық көмекке жүгіну;
– Мәдени көпшілік іс шараларға қатысуды және шомылатын орындар мен ойын алаңдарына баруды шектеу, ашық су көздерінде шомылмау;
– Бөлмені жиі-жиі желдету және күнделікті ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу;
– Қауіпсіздігі кепілдендірілген суды қолдану (қайнатылған су, бутилденген су);
– Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау, тағам дайындар алдында ас ішер алдында , дәретханадан кейін қолды мұқият жуу;
– Сапасыз тағам өнімдерін,көкөністер мен жеміс жидектерді пайдаланбау;
– Азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау;
«Сақтансаң – сақтайды» деген. Осындай қарапайым алдын алу шараларын қатаң сақтай отырып, менингит ауруын болдырмау жағын көп болып атқаруға күш салайық.

Гүлсім ИМАНДОСОВА,
Қазалы аудандық ҚДСБ басшысы.
19 маусым 2018 ж. 2 488 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930