Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өртенген әйелдің тізеден төменгі жағы ғана сау қалған

Өртенген әйелдің тізеден төменгі жағы ғана сау қалған

Дәрігердің айтуынша, науқас қазір шок жағдайында - не болып, не қойғанын білмейді де, ұғынбайды да.
Нұр-Сұлтанда күйеуі далаға апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы өте ауыр, - деді Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Татьяна Лебига, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Күйік шалған әйел бізге 6 қазанда келіп түсті. Денесінің 75 процентін күйік шалған. Науқастың жағдайы өте ауыр. Тыныс алу жолдарын да күйік шалған. Конъюнктивті күйіктің ІІ-ІІІ дәрежесі, - деді Травматология және ортопедия институтының реаниматолог-дәрігері Татьяна Лебига.

Оның айтуынша, науқас қазір шок жағдайында не болып, не қойғанын білмейді де, ұғынбайды да.

- Науқасты шок жағдайдан шығару үшін терапия жүргізіледі. Ол есін біледі, сөзді естиді, бірақ өзінің қандай күйде екеніне баға бере алмайтын жағдайда секілді. Оған үнемі ауруды басатын дәрілер берілуде, оған қоса әйел адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қан қысымын да қолдан ұстап тұрмыз, - деді дәрігер.

Оның айтуынша, қазір қандай да бір болжам айту өте қиын, өйткені ІІІ-IV дәрежелі күйік дегеннің өзі көп нәрсені айтып тұр.

- 75 проценті күйіп кеткен дененің. Сау дегені - шашы, яғни бас терісі, беті, одан соң тізеден төменгі жағы. Ал қалған жерінің бәрін күйік шалған. Бұл - өте қиын зақым, өмір сүреді-сүрмейді деп айту да қиындау. Бізге тек күту керек, - деді Лебига.

08 қазан 2019 ж. 1 453 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 31

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 32

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930