Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 80-дегі қария мүгедек қызын құтқару үшін өртке кірді

80-дегі қария мүгедек қызын құтқару үшін өртке кірді

Дүйсенбі күні таңсәріде Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Тарханка ауылында жеке тұрғын үйді өрт шарпыды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Өскеменнен өрт сөндірушілер келгенше 81 жастағы қарт жүре алмайтын 50 жастағы қызын құтқармақ болған
«Біздің бөлімшенің өрт сөндірушілері оқиға орнына жеткен бойда газ баллондары бар-жоғын сұрастырды. Бар болып шықты. Баллондардың біреуі жарылды, тағы екеуін жігіттер алып шығып, суытты», - дейді 5-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Данияр Биекенов.
Әйел зардап шеккен жоқ. Ал ержүрек қарттың қолдарын қатты күйік шалған. Ол медициналық көмектен бас тартқан, соған қарамастан №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.
Өрттің тұтану себептері тексерілуде, мамандардың алдын ала болжамы бойынша, ол пеш немесе электр құралдарын пайдаланудан туындаған болуы мүмкін.
04 желтоқсан 2017 ж. 1 454 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды