Туған күн тортына балауыз қадап, оны үрлеу қайдан шыққан? Дініміз бұған не дейді?
Адам баласының өміріндегі ең ерекше күндеріні бірі – өмірге келген күні. Кімде-кім болсын жылына бір рет келетін жекеменшік мерекесін асыға күтетіні рас. Әсіресе, балалар. Ол күннің қуанатын мереке емес, керісінше, өміріңнің тағы бір жылы аяқталғанын білдіретін, өзіңе есеп беретін күн екенін жас келген сайын жете түсіне бастайсың.
Бүгінгі сөз қозғағым келіп отырғаны тақырыпта жазылғандай туған күннің басты белгісі – торт жайлы болмақ. Қазақ салтына тән емес, батыстан келген десек те, осы бір тортқа балауыз қадап, үрлеу біздің де қанымызға сіңіп бара жатқандай. Тіпті туған күн мерекесін тортсыз өткізбейміз. Балалар туған күнін сол бір торттағы балауызды үрлеп, тәтті торттан ауыз тию үшін күтетіні тағы рас. Сонымен, тортқа балауыз қадап, оны үрлеу қашан пайда болды? Жалпы торт қашаннан бері адамзаттың мерекелік дастарқанының сәніне айналды? Оның авторы кім? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдім.
Бұл үрдістің сонау батыстан келгенін ескеріп, әңгімені ағылшын халқының көне дәуірінен бастайын. Торт - мерекенің тәтті нышаны. Бірақ пірәдар әкейлер мұнымен келіспеді. Олар тағамның түрін көріп, сусыннан, көңіл көтеріп, мереке тойлағаннан қабақтары түйіліп кететін. Мерекелік торттарға тыйым салынған. Олар қасиетті күндер үшін тым тәтті, көңілді деп есептелді. Аңызға сенсек, тортты аса көңілсіз, федеральды мереке – сайлау күні жертөледен алып шығатын болған.
Торт демократияға күш бере алды ма?
Десерт археологтары тарих пен тағамға және екеуіне ортақ дүниеге ерекше қызығушылық танытады. Кекс пен торт өте ерте кезде пайда болған. Тарихи кітаптарға сенсек, торт көне Египетте пайда болыпты. Ол кезде торт деген бал қосылған наннан дайындалған кекс еді. Оған жемістер немесе жаңғақтар да қосылған. Тек он жетінші ғасырдың басында ғана қант шәрбаты қосылған торт бүгінгі кейіпке ие болды. Жемісті кекс – ағылшындықтар ұсынған көне нұсқасы. Құрғақ, тығыз және Оливер Кромвельдің айтуынша, өте көңілді кекс. Ол - өте жеңілтек әрі ырысапшыл деп ойлап, Роджествоға тыйым салған адам.
Кромвель көңіл көтеретін нәрсенің бәрінің беделін түсіру мақсатында торттың да көзін жоймақшы болды. Ақырында оған қатаң тыйым салды.
Кромвель белсенді әрекетке көшкен кезде пірәдарлар да келді. Пірәдарлар өз мерекелерін ойлап таба бастады. Ол мерекелердің дінге түк қатысы болмаса да, атап өтетін. Пірәдарлардың мерекелерінің қысқаша тізіміне: колледжді бітіру кеші, әскери дайындық, алғыс айту және сайлау күні кірді.
Айтарлықтай әртүрлі емес. Ең маңызды деп сайлау күнін белгіледі. Ол кездегі сайлау бүгінгі сайлау күніндей болмаған. Мереке күні бойы жалғасқан. Адамдар көшеде билеп, шатырда ән салған, діндарлар уағызын айтқан. Бәрі де уақытты керемет өткізген. Қоқыс жәшігі мен бюллетені бар сайлау бөлімшесіне ұқсамайтын. Мереке кезінде тамақ, сусын және міндетті түрде торт беретін. Бір тілік торт беремін десең болды, сайлаушылар қарша борайтын.
Саясатпен шаруасы жоқ сайлаушылардың ортақ ойы бар еді. Кекс – қашан да ең дұрыс таңдау. Әйелдер осы мүмкіндікті пайдаланып, патриоттық сезімдерін білдіруге тырысатын. Ол кезде әйелдерге дауыс беруге рұқсат жоқ, бірақ торт пісіруге рұқсат берген. Алайда торт, кекс пісіруге әйелдерге тек патриоттық сезім ғана себеп болған жоқ. Әйелдер өз үміткеріне жақтасу үшін кекстерді кесіп, дайындап алып келетін. Бұл айланың бір жолы еді. «Егер мен қалаған үміткерге дауыс берсең, бір тілік кекс аласың» дейтін ұранды ұстанған. Уақыт өте келе «сайлау кексі» «тәуелсіз кекске» «демократиялық тортқа» «федеральды кекске» және «Франклиннің прәндігіне» өзгерді. Бірақ азаматтық соғыстан кейін кекстер сайлаушыларға әсер ететін сиқырын жоғалтып алды. Сайлау жергілікті билікке қарады да, көптеген патриоттардың мысы қайтып қалды. Біз кекстің арқасында қанша сайлау жеңіп, қаншасы жеңіліс тапқанын ешқашан біле алмаймыз. Бірақ бір нәрсе айдан анық. Сонау заманда кекстің өзіндік ықпалы болды.
Біздің заманда дауыс жинау үшін үміткерлер тойымды кекске емес жарнамаға жүгінеді. Алайда сайлау кексі әлі күнге дейін бар. Бүгінде бұл мейізі бар кексті үйлену тойына, пасха мерекесіне, тіпті Рождествоға да дайындайды. Бірақ бір торт аздық ететін бір мереке бар. Ол – туған күн.
Америкалық салттың бірі – балауыздар үрленетін туған күн мерекесі. Ол мыңдаған жыл бұрын әлемнің басқа бір бұрышында пайда болған. Көне Қытай мен Грецияда адамдар түтін арман, дұғаларымызды аспанға жеткізеді дегенге сенген. Бірақ тортқа балауыз қадау 1746 жылы Германияда бастау алған. Оны граф Людовик фон Цинцендорф бастаған.
46-ыншы туған күнінде граф әдеттегіден тыс мереке ұйымдастырды. Мереке кезінде ол тортқа тұтанып тұрған 46 балауыз қадауды талап етті. Бұл дәстүр бүкіл әлемге жайылып кетті. Сол кезден бастап балалар туған күндерінде балауыз үрлейтін болған.
Міне, қысқаша тарихы осылай. Осы үрдіс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінде адамзат өміріндегі ерекше күндердің біріне айналған. Қазағым да батысқа еліктеп туған күнінде тілек тілеп, торттың балауызын үрлеуі аздай, енді бетіне торт кремін жағуды да «қолға алған». Бір жағы – ысырапшылдық. Қай қазақ тамақты бетіне жағып еді? Қай атам қазақ нанды қадірлемеп еді? Қай қазақ өз отын өзі үрлеп өшіріп еді? Әлбетте, мұның бәрі адамның түпкі санасына, ақылына байланысты болса керек.
Туған-туыс, жақын жандарыңмен өміріңдегі атаулы күніңді атап өт, тортыңды да же. Тек отыңды үрлеме, тамақты қорлап бетіңе жақпа. Бұл тым артық.
Ал асыл дінімге келер болсақ, бұл мәселе жөнінде шариғи тұрғыда:
Шариғаттағы үкіміне келер болсақ, Пайғамбарымыз айтады: «Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан», - дейді.
Ханафи мәзһабының ғұламасы әйгілі Зинуддин ибн Ибрахим Ибн Нужәим әл-Ханафи (х.926/970. м.1520/1563ж.) былай дейді:
«Бір әрекетіміздің өзге діндегілерге ұқсап кетеді деуіміз үшін екі шарт бар:
1.Аталмыш әрекеттің өзі шариғатта тыйым салынған болуы керек.
2.Сол әрекетті өзге діндегілерге ұқсау мақсатында жасаған болуы керек.
Түйіндей келе айтарым: қазақ еліктегіш халықпыз. Ол – әдет. «Ауру қалса да, әдет қалмайтыны» анық болғандықтан, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренейік». Асыл дінімізді берік ұстанайық.
Қандай әрекет жасасақ та, ол үшін жауап беретініміз анық. Атам заманнан бері салт-дәстүрімізде кездеспеген тортқа балауыз жағып, отқа табынып, тілек тілеп, оны үрлеп өшіріп, тортты бетімізге жағу деген үрдісті біртіндеп азайтуымыз, сөйте-сөйте қойып кеткеніміз жөн. Өмірің торттай әдемі, тәтті болсын деген ниетпен пісіріліп, тағамға ешбір "жәбір" көрсетілмей, желінсе, онда құба-құп. Ал тым ысырапшылдыққа жол беріп, шекарадан асып кетсек, тәтті тортымыздың жауабы ащы болар...
Сондықтан, қазақы дәстүрімізге және дінімізге жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстауға тырысайық. Адам өзін-өзі, өз болашағын, ұрпағын өзі ойламаса, оған ешкім басын қатырмасы анық.
qamshy.kz