Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлық мереке ұлықталды

Ұлық мереке ұлықталды

Мұсылман қауымына аса қадірлі саналатын Құрбан айт мерекесін қазалылықтар да үлкен қуанышпен қарсы алды. Ауданның жер-жеріндегі мешіттерге жиналған жамағат құрбан шалып, айт намаздарын оқыды.
Биылғы жылы 21 тамызға тұспа-тұс келген қасиетті мерекеде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев “Жанқожа батыр” орталық мешітінде таңғы айт намазына жиналған тұрғындарды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Өз кезегінде аудан әкімі бұл мерекенің жалғыз мұсылман қауымының емес, ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын ерекше күн екенін айтты.
– Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Түбіміз – түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран» деген сөзі бүгінде нақылға айналды. Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады, – деді ол.
Айт намазынан кейін жамағаттың қатысуымен, мешіттің ішкі ауласында құрбандық малы шалынды. Сондай-ақ, аудан әкімі Қазалы қаласындағы «Нұралы» мешітіндегі құрбан шалу рәсіміне де қатысты.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ
25 тамыз 2018 ж. 1 497 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 53

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 53

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031