Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есте сақтаудың 10 ережесі

Есте сақтаудың 10 ережесі


Соңғы уақытта есте сақтау қабілетінің дұрыс жұмыс істемейтінін айтып шағымданатын адамдардың саны артып келеді. Оны кейде жүйке жүйесінің ауруымен да байланыстырып жатады. Дегенмен, ол біздің есте сақтау қабілетін өзіміздің ыңғайымызға сәйкес дамыта алмағанымызбен тікелей байланысты. Егер, есте сақтау қабілеті қай уақытта қарқынды жұмыс істейтінін білгіңіз келсе, төмендегі 10 ережеге назар аударыңыз. 1. Адам тыңдағанының үштен бір бөлігін, көргеннің жартысын, істеген әрекетін 100% есте сақтайды. 2. Неге қызығушылық танытасыз, сол есте қиындықсыз сақталады. 3. Есте сақтау үшін алған әсеріңіз күшті болуы тиіс. Фотоаппарат тұманды далада анық сурет бере алмайтыны секілді, адамның санасы анық емес естеліктерді керек етпейді. 4. Адам басынан өтпейінше, ерекше сезімдердің барын білмейді. Өйткені, санада ол туралы ақпарат жоқ. 5. Ақпаратты қабылдауға кеткен уақытыңыз аз болса, соғұрлым есте сақтау мүмкіндігіңіз төмен болады. 6. Ерекше, қауіпті, қиындыққа толы немесе керемет әсерлер күнделікті сезімдерге қарағанда тез есте қалады. 7. Зейін қою және таңдау адамның санасын тек пайдалы заттарды есте сақтауға бағыттайды. 8. Позитивті эмоциялар есте жақсы сақталады. Бірақ, адам негативті эмоцияны қазбалау арқылы тауып алады. 9. Егер есте сақтау кезінде адамның көңіл-күйі көтеріңкі не төмен болса оның есте сақтау қабілеті әдеттегіден тез жұмыс істейді. 10. Сезім мүшелері (көру, есту, қол арқылы) арқылы жасалған естеліктердің ғұмыры ұзақ болады. Сонымен қатар, есте сақтаудың бірнеше түрге жіктелетінін де ұмытпаңыз. Әр түрі бойынша өзіңіздің санаңызды басқаруды үйреніңіз.
Massaget.kz
25 қаңтар 2018 ж. 4 599 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031