Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай жерің ауырса, жаның сол жерде

Қай жерің ауырса, жаның сол жерде


Адам болмысында туабітті қанағатсыздық қасиет бар. Сондықтан да материалдық жағдайымызды еселей түсуге ұмтыламыз. Бірақ, дені сау әрбір адам өзінде шексіз байлық бар екенін сезіне бермейді. Халқымыздың «бірінші байлық – денсаулық» дейтіні үлкен даналық сөз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деуі де сондықтан.
Қарапайым тіршілікте осы нақылдардың астарына немқұрайлы қарайтынымыз рас. «Ата, жаным қай жерде?» – деп сұраған немересіне атасы: «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» – деп жауап беріпті. Демек, аурудың үлкені болсын, кішісі болсын, жаның үшін күйзеліс әкеледі. Әйтсе де, бүйрек ауруының орнын бөлектеп айтуға болады. Қазақ «беті бүйректей екен» деген сөзді денсаулығы жақсы адамға айтады. Бүйрегі ауырған адамның бет-әлпеті солғындап, көзінің асты күлдіреп тұрады. Бүйректің ауруы басқа ағзалардың жұмысын бұзуға тікелей себепші.
Бүйрек ауруы медицинада «пиелонефрит» деп аталады. Көптеген мамандардың пікірінше, пиелонефрит дертіне бейімділік бала кезден басталады. Сондықтан бүйрек кеселінің алдын алуды жас кезеңнен бастаған жөн. Жүкті әйелдердің бүйрегі ауырса, оның дер кезінде емделгені өзімен бірге болашақ баласы үшін де маңызды. Нәрестенің дүниеге келіп жетілу барысында гигиена талаптарын қатаң сақтау қажеттігі басты мәселе.
Созылмалы бүйрек кеселі ересек адамдардың 68 пайызында болса, індет ошағы 3 жасқа дейінгі сәбилерде де, балаларда да кездеседі. Бактериялардың организмді шабуылдауы аллергияға шектеледі де, дертке қарсы тұру қабілеті төмендеп, іңдет баяу дами береді. Антибиотиктерді бейберекет қолдану, ерітінді дәрілерді ретсіз көп пайдалану нәтижесінде микроорганизмнің антибиотикке бойы үйреніп кететінін есте сақтаған жөн. Екіншіден, науқас адамның ауруханада ұзақ мерзім жатып, күшті дәрілерді алуы да созылмалы бүйрек кеселінің бір қыры.
Әйелдердің бүйрек аурулары тұрмысқа шыққаннан кейін үдейді. Өйткені, олардың зәр шығару түтүгінің кілегей қабығы ашық, жеңіл жарақаттанып індетке шалдығады. Созылмалы бүйрек кеселі бар ер кісілердегі ауру белгілері табиғи жолмен әйелге беріледі. Дәрігер ол жағдайды зәр арқылы анықтағанда, екеуінің де емделуіне кеңес береді. Сырқат адамдар кемінде жылына 3 рет маман дәрігерге көрініп, нефрологиялық диспансерлік бақылауда болуы керек.
Бүйрек кеселіне қатысты осындай нәрселерді емдеу саласының қызметкерлерімен бірге әрбір адамның да біле жүргені олжа. Себебі, адам денсаулығы оның жеке басына ғана қажет десек, онда қателесер едік. Әр адамның денсаулығы оның отбасына, одан әрі өмір сүріп отырған қоғамына қажет.
Ендеше, денсаулық мәселесіне аса мән бергеніміз абзал.
http://syrboyi.kz
11 желтоқсан 2017 ж. 3 446 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 142

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031