Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашық алаңдағы ойталқы

Ашық алаңдағы ойталқы

Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте «Open talks» жас мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерімен ашық алаң өтті. Онда түрлі сала мамандары оларға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі туралы жан-жақты баяндап, түсіндірді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының ұйымдастыруымен өткен кездесудің мақсаты – Жастар жылына орай жас педагогтарды арнайы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту.

Оған білім, ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Нұргүл Өтегенова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» Қызылорда филиалының маманы Азамат Амантайұлы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Қазынагүл Бәкенова, «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекші маманы Берікбол Қуанғалиев, ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы Мұратбай Бекмағамбетов қатысты.

Кездесу барысында жас ұстаздардың айлық көрсеткіші, жалақының көбею реттілігі, «Тұрғын үй жинақ банкі» тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, кәсіпкерлікпен айналысу және «Дипломмен ауылға» бағдарламасына байланыс­ты мәселелер көтерілді. Жастар көкейінде жүрген сауалдарының жауабын алды.

– Мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Өткен жылдан бері кәсіпкерлікке ден қойдым. «Zhas Project» жобасы арқылы 1 миллион теңге грант жеңіп алып, бизнес бастадым. Биыл кәсібімді кеңейткім келеді. Қажетті құжаттарды дайындау үстіндемін. Адамда ынта-жігер болса, жаңа іс бастаудан қорықпау керек. Тәуекел ету – үлкен жеңіс әкеледі, – деген жас ұстаз Жанат Ержігітова замандастарын кәсіппен айналысуға шақырды.
Ұ.ҰЗАҚБАЙ,
ФОТО Серік АҚМЫРЗА

11 маусым 2019 ж. 1 744 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930