Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таланттарды танытқан өнер фестивалі

Таланттарды танытқан өнер фестивалі

Әйтеке би кентінде облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі өтті. Сыр ұстаздары арасында дәстүрге айналған фестиваль арқылы талай талант танылды.

Аталған өнер фестивалі облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарованың авторлық жобасы. 2017 жылы жиырма жылдығын атап өткен ұйымдастырушылар өнерлі, талантты, дарынды ұстаздарды «Нау­рыз шапағаты» өнер фестивалінің мерекелік медалімен марапаттаған болатын.


Биылғы өнер додасының өзгешелігі – тек қана 35 жасқа дейінгі ұстаздардың қатысуы. Әсем әнмен өріліп, сазды әуенмен айшықталған таланттылар бәйгесінің қоры­тындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің оқытушылары Ақылбек Қосуақов пен Хамит Панабеков орындаған мерекелік композиция, халық аспаптар ансамблінің «Шотланд биі», музыка мектебінің оқытушысы Ақбота Отаралиева мен виолончель аспабында ойнаған Асылбек Әуезовтің орындауындағы Әбілқасым Роман­ның «Сыр» әні, сөзі мен әнін жазған және хорға бейімдеген Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Сәукен Әліштің «Туған елім Қазақстан» және №96 мек­тептің бас­тауыш сынып мұғалімі Бану Төрем­бет айтқан «Қызылорда» әні – облыстық өнер фестиваліне жолдама алды. Сондай-ақ Жанна Ақбаева, Алфиябибі Тиыштықова, Қырмызы Елемес шырқаған «Көктем вальсі», Гүлдана Мұратбай, Бағлан Әбдіғаниев әуелеткен «Гауһартас», «Угайай» атты халық әндері де аймақтық байқаудағы қазылар алқасы назарына ұсынылатын болды.
Ұрпақ тәрбиесімен айналыса жүріп, өнерді жанына серік етіп, сахна сәніне айналған өнерлі жастар және мектеп ұжымдары «Өнерлі ұжым», «Сахна сәнгері», «Үлгілі ұжым», «Талапты жастар», «Жігерлі жастар» номинациясымен марапатталды.

– Екі жылда бір өтетін өнер фестивалінің облыстық кезеңінен қаза­лылық ұстаздар үнемі жүлделі оралады. Өткен жылы облыстық спорттық спартакиадада екінші орын иелендік. Жуырда өтетін өнерлілер байқауында да жас таланттардың бағы мен бабы қатар жан­уына тілектеспіз. Сайысқа Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің ұлт аспаптар ансамблі, хор ұжымы және жекелеген әншілер қатысады, – деді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

27 наурыз 2019 ж. 2 339 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 86

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930