Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Сәуірдің 24-і күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстікте мол көлемде жауын жауып, елдің батысында ғана жауын жаумайды. Еліміздің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күндіз жел көтеріліп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағына тұман түседі.
24 сәуір 2019 ж. 970 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 85

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 95

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031