Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел күшейіп, жаңбырдан соң ...

Жел күшейіп, жаңбырдан соң ...

18 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с болады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысында жел тұрып, жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
18 сәуір 2019 ж. 1 420 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930