Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанның басым аумағында жел соғып, жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жел соғып, жаңбыр жауады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты шілденің 30-ы күні Қазақстанның кейбір аймақтарында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Оңтүстікте Бұршақ жауып, жел күшейеді және ол шаңды дауылға ұласады. Түнде және таң ата солтүстікте тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар облысында бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секунына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы да мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр дейін жылдамдықпен ұйтқиды. Атырау облысының бірқатар аймақтарында түнде найзағай ойнайды. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында ерекше ыстық болады және өрт қаупі туындайды.

30 шілде 2018 ж. 1 184 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031