Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйдің энергиясы неден нашарлайды?

Үйдің энергиясы неден нашарлайды?

Үй – адамның қорғаны. Өз үйіне кірген адам бірден бойы босап, тынығып, демалып күш жинайды. Үйдің іші адамда қорғаныш пен тыныштық сезімін тудыру керек. Алайда сіз үйге кіргенде тыным таппасаңыз, түрлі аурулар мазаласа, көңіліңіз тыншымай, сан түрлі ойға берілсеңіз, демек сіздің үйіңіздің энергиясы нашар болуы мүмкін.

Үйдің энергиясы неден және қалай нашарлауы мүмкін?
Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады.
Үй ішіндегі ұрыстар, дау-жанжалдар жиі болып тұрса, ол да энергияға әсер етпей қоймады. Аталмыш себептерден бұзылған энергия адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді. Мұндайдан аулақ болу үшін, энергия тепе-теңдігін сақтап, жаман энергиялардан құтылу керек.

Үй жинау
Үйдің жаман энергиясын тазалаудың ең оңай түрі – үй жинау. Үй жинаған сайын, сіз шаң-тозаңмен бірге жаман энергиядан да құтыласыз.

Жиһаздардың орнын ауыстыру
Энергия үнемі қозғалыста болатындықтан, оның жолында бөгет болмағаны жөн. Дұрыс орынға орналастырылмаған жиһаз энергия ағымына кедергі келтіреді. Қай жиһаздың дұрыс тұрмағанын анықтау үшін, өзіңіз бала сияқты барлық бөлмелерді аралап, жүгіріп өтіңіз. Сіздің қозғалысыңызға ең көп кедергі келтірген жиһазды басқа жерге орналастырған дұрыс.

Ескі заттардан құтылу
Кейбір адамдардың керек, керек емес дүниелерді жинай беретін әдеті бар. Жылдар бойы сөрелерде шаң жинап жататын ескі киімдер, техника, альбомдар, кілемдер, ыдыстар, т.б. орын алып тұрғаннан басқа, ескі энергияны да сақтап тұр. Басқа сөзбен айтқанда, олар қолданыста болған кезде үйде болған бар жақсы-жаман оқиғалардың куәсі ретінде сол естелектерді бойына жинап қалады. Кейде біз ескі нәрсені көріп, түсініксіз сезімде болып қалатынымыз да сол себептен. Ерінбей бір күніңізді арнап, тек пайдаланатын дүниелерді ғана алып қойып, артықтың бәрінен құтылыңыз. Босаған сөрелерді сүртіп, әдемі заттармен безендіріп қойсаңыз, нұр үстіне нұр болады.

Үйді хош иістендіру
Дүкендерде үйге арналған дайын хош иістендіргіштер, хош иісті тұтанатын таяқшалар немесе бөлек сатылатын эфир майлары бар. Солардың көмегімен де үйдің энергиясын тазалауға болады. Кейбір иістер адамға жағымды әсер етсе, кейбіреулері бас ауруын туғызуы мүмкін. Кейбір иістер (мысалы, цитрус) адамға сергек сезімін сыйласа, енді бір иістер (лаванда, бергамот) ұйықтатып тастауы мүмкін. Сондықтан иіс таңдағанда да мұқият болыңыз.

Адыраспанмен аластау
Адыраспан шөбінің емдік қасиеттері ғылыми дәлелденген. Оның түтіні де ауадағы көзге көрінбейтін зиян микробтарды жояды. Сондықтан, адыраспан шөбін тұтатып, үйдің бөлмелерін оң жақтан сол жаққа жүріп тазалар шығуға болады.
10 сәуір 2019 ж. 2 368 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930