Адам энергиясы – глюкоза
Мидың басты азығы – глюкоза. Біз оны күнделікті ішетін тамағымыздан аламыз. Мидың тәбеті біз ойлағаннан әлдеқайда зор: Оның салмағы адам салмағының тек 2% болса да, жұмысына ағза жұмсайтын калорияның 20% кетеді. Мидың өзіне тән қоры немесе керекті заттарды сақтайтын арнайы орны жоқ, сондықтан, оған күнделікті глюкозаның қажетті мөлшері түсіп тұруы тиіс. Қалтқысыз жұмыс істеуі үшін миымызға күнделікті 120 грамға жуық глюкоза керек. Бұл 420 ккал-ға тең.
Глюкоза деген не?
Глюкоза – бүкіл адам ағзасына қажетті әмбебап (жалғыз емес) энергия көзі. “Гликолиз” деп аталатын күрделі биохимиялық үрдеріс нәтижесінде глюкоза қарапайым молекулаларға ыдырайды. Бұл үрдіс кезінде алынған энергия АТФ үлгісінде қорға айналады. Бұл – барлық метоболикалық үрдерістердің қоректендіретін молекуланың “батареясы”. Ми глюкозадан АТФ-ті тек қажетті жағдайда өндіреді: мысалы, көру аймағына қуат керек болса, энергияға айналатын қант белсенді түрде сол аймаққа жеткізіледі. Миға керек глюкоза килокалориясының (60-70 пайызы) негізгі бөлігі миға жүйке импульсін ағзаға жіберу үшін қажетті. Одан бөлек, энергияны нейромедиаторлардың синтезіне жиі жұмсайды.
Ұзақ уақыттар бойына мидің әр бөлігінде глюкоза концентрациясы бірдей деген тұжырым болатын. Дегенмен, соңғы жылдары мидың әр бөлігінде қанттың таралуын өлшейтін арнайы әдістер мен тәсілдер пайда болды. Глюкоза тек белгілі бір қызмет атқарауға энергия жұмсаған аймаққа қана түсетіні анықталған.
Глюкоза қорын толтыру үшін уақыт керек. Қантты адам миында қалай жұмсалып жатқанын тексеру әзірге мүмкін болмаса да, ашыққан мидың қаннан глюкозаны қалай тартып алатынын аңғару қиын емес.
Глюкозаның зат алмасу үрдісі бұзылған жағдайда ағза ғана емес, ми бөліктері де жұмысын тоқтатады. Сондықтан, кейде диетаға отырып, дәрі-дәрмекті қолданар шақта оның ағзаға беретін пайдасы мен зиянын да ескеріңіз.