Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Малы бар отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай алады. Осы әділетті ме? - Светлана Жақыпова

Малы бар отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай алады. Осы әділетті ме? - Светлана Жақыпова

"Екі көршіні алайық. Біреуі 20 сиыр ұстайды, балаларына етін жегізіп, сүтін ішкізіп асырап отыр. Ал қасындағы көршісі сиырлары жоқ, оны сатып алуға жағдайы да жоқ. Бірақ жәрдемақы тағайындаған кезде, екеуі де сол көмекке ілігеді. Бірнеше сиыр ұстайтын отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай жәрдемақы алады. Сонда айтыңызшы, осы әділетті ме?", - деді Светлана Жақыпова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Светлана Жақыпова отбасының жиынтық табысын есептеген кезде жеке шаруашылықты есепке алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

"Шаруашылыққа қатысты сауалдар жиі қойылады. Негізі атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7-бабында жергілікті атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс деп санау-санамауды өздері шешетіні көрсетілген. Олардың сондай құқығы бар", - деді Светлана Жақыпова мәжіліс кулуарында.

Ол қазіргі таңда республикада тек бір ғана облыс қорадағы төрт түлікті есепке алмайтынын атап өтті. Алайда оның қандай өңір екенін нақтыламады.

"Алдағы уақытта бұл мәселелердің барлығы қайтадан қаралып, негізгі шешімдер қабылданады. Жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп сендірді Светлана Жақыпова.
04 сәуір 2019 ж. 2 295 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930