Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең қомақты зейнетақыны кім алады?

Ең қомақты зейнетақыны кім алады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ең жоғары зейнетақыны алуға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 1998 жылдан кейін еңбек нарығына келгендер зейнетақыны жинақ жүйесі бойынша алады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы төленеді. Бірақ оның көрсеткіші жоғары болуы үшін жинақтау жүйесін қатысу мерзімі ескеріледі.
«Жастарға осыны ұғып алу қажет. Егер жалпы еңбек өтілі 33 жылдан асса, онда базалық зейнетақының көрсеткіші 100 процентті (ең төменгі күнкөріс деңгейінің - 28 284 теңге) құрайды. Ал зейнетақы жарналары тұрақты түрде төленіп, біраз ақша жиналса, бірыңғай зейнетақы қорынан қосымша ақша төленеді. Сондықтан ең көп жұмыс істеген адам ең жоғары зейнетақы алады», - деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 1998 жылғы дейін есептелетін еңбек өтілі біртіндеп азаятындықтан, ынтымақты зейнетақы жүйесі қысқартылады. Осыған байланысты 2020 жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақы қорына қосымша 5 проценттік төлемдерді аудара бастайды. Осылайша, бір адамның жарнасы 15 пайызға жетеді.
«Зейнеттік жасқа шыққанда жинақталған қаржының мөлшері 12 минималды зейнетақыдан төмен болса, онда ол қаражатты бірден алуға рұқсат беріледі. Одан кейін ешқандай төлемдер жасалмайды. Ал жинақтың көлемі жоғары болса, онда базалық зейнетақымен бірге ай сайын бірыңғай жинақтау қорынан да ақша түсіп тұрады», - деп атап көрсетті С.Жақыпова.
13 ақпан 2018 ж. 1 484 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930