Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңге жәрдемақыны алу үшін өтініштер қашан қабылданады?

21 мың теңге жәрдемақыны алу үшін өтініштер қашан қабылданады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова әр балаға берілетін 21 мың теңге жәрдемақыға өтініштің қашан қабылданатынын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз кеше ғана селектор өткіздік. Министрдің тапсырысы бар. Қазір әкімдік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация, сосын біздің жергілікті департаменттеріміз және жұмыспен қамту орталықтары бар ғой. Олардың бәрі өтініштерді қабылдайды", - дейді Светлана Жақыпова.

Вице-министрдің айтуынша, 1 сәуірден бастап өтініш берудің қажеті жоқ. Себебі алдымен заң күшіне енуі керек. Соның негізінде министрдің бірнеше бұйрығына қол қойылады. Аталмыш құжаттар жергілікті атқарушы органдарға түскеннен кейін ғана өтініштер қабылдана бастайды. Бірақ атаулы әлеуметтік көмектің бәрі 1 сәуірден бастап есептеледі.

"Мен өзім бірнеше рет айттым, халыққа 1-нен бастап өтініш беріңіздер деп айтуға болмайды. Себебі заң енді ғана қабылданады. Аталған құжат 28 наурызда сенаттың кеңейтілген отырысына шығарылады. Одан кейін сенат мақұлдап, қолдаса, Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ал қазіргі заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек өтінішті берген күннен емес, берген айдан бастап тағайындалады. Демек, азаматтар 15 сәуірде келе ме, 29 сәуірде келе ме, бәрібір атаулы әлеуметтік көмек оларға 1 сәуірден бастап тағайындалады. Осы норма сақтала береді", - деп атап көрсетті Светлана Жақыпова.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде министрдің арнайы бұйрықтары дайын тұр.

Заң қабылданса, аталған құжаттар бірден Әділет министрлігінің тіркеуінен өтеді.

Сөйтіп, барлық жергілікті атқарушы органдарға таратылады. Содан соң өтініштер қабылданады.

"Сондықтан 1 сәуірден барып, өтінішті қабылдауды талап етсе де, жергілікті атқарушы органдар оны қабылдай алмайды. Олардың барлығы бұйрықты күтеді. Елбасы заңға қол қойды ма, ертесінде бірден бұйрық тіркеуден өтуі керек. Біз бәрін дайындап қойдық. Жергілікті атқарушы органдар да бірден хабарын береді", - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті әр балаға берілетін жеке әлеуметтік көмек көлемін кем дегенде 21 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын.

Сондай-ақ 21 мың теңге жәрдемақыны кімдердің ала алатыны да анықталды.
27 наурыз 2019 ж. 2 248 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031