Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық үшін еселенген айыппұлға сотталғандарға қатысты

Сыбайлас жемқорлық үшін еселенген айыппұлға сотталғандарға қатысты

Қазақстанда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша үлкен реформа жүргізілді, түрмедегілердің саны едәуір азайды. Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалинның сөз алды.

Сіздер білетіндей, 2014 жылғы Қылмыстық кодекспен қылмыстық жазаға тарту жүйесі қайта өңделіп, 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен салыстырғында «ізгілендіру» төмендетілді.

Атап айтқанда, 160-тан астам санкцияға қосымша балама ретінде енгізілген айыппұл түріндегі жазаға тарту шарасы елеулі өзгерістерге ұшырады.

Егер де адам біржолғы сипаттағы сыбайлас жемқорлықта күдікті болып танылатын болса, және оның бой тасалауына ешқандай себеп жоқ болса, оның еркіндігін шектеуге қандай қажеттілік бар?

Олар қоғамнан оқшауландырумен байланысы болмаса да, олардың барлығы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Еселенген айыппұлдар соттарға алынған пара сомасына сəйкес келетін əділ жазалауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, әрбір тұлғаға қатысты өмір бойымемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыру, әскери және өзге атағынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру түріндегі қосымша жазаға тарту шарасы қабылданады. Бұл соттармен қабылданатын жазалардың тиімділігіне оң әсерін тигізеді және бұрын сотталған тұлғалармен қайта сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау мүмкіндігін жойады.
Барлық сыбайлас жемқорлық баптары бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру қолданылады.

Сот төрелігін іске асырудағы объективтілік қылмыскердің жеке басын және қылмыс жасаған өзге де жағдайларды ескере отырып, соттармен қамтамасыз етіледі.

Жазаның түрі мен көлемі, ең алдымен пара сомасын, парақорлықтың тәсілін (қорқытып алу жолымен, заңсыз әрекеттері үшін, бірнеше рет) және формасын (адамдар тобында, қылмыстық топпен) ескере отырып іс-әрекет сараланытын Қылмыстық кодекс баптарының санкциясына байланысты.

Осы саралаушы белгілер негізінде жасалған қылмыстың ауырлығы анықталады.
Қылмыстың қабылдынған антты бұзған құқық қорғау органы немесе сот қызметкерімен жасалуы жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады.

Еселенген айыппұлдар ауырлық дәрежесінің барлық санаттарына қолданылады, сонымен бірге аса ауыр бойынша да, аса ауыр қылмыстар бойынша айыппұлға 5 тұлға жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге сотталды.

Мысалға, Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен (2018 жылғы 14 наурызда) «Baiterek Development» АҚ лауазымды тұлғаларына 627 млн теңгеден астам аса ірі көлемдегі пара беруде (ҚР ҚК 367 бабы 4 б.) жеке кәсіпорындардың басшылары коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқыру құқығынан өмір бойы айыра отырып, жалпы сомасы
1,9 млрд теңге айыппұлға сотталды.

Сондықтан да алынған параның аса ірі сомасы кінәлі тұлғаны бас бостандығынан айырудың жалғыз негізі бола алмайды.
Бұл жағдайда сот сотталушының жеке басын, оның қаржылық мүмкіндіктері мен басқа да мән-жайларын ескере отырып, еселенген айыппұл тағайындай алады. Қылмыстық заң оған рұқсат береді.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстық істер бойынша 1561 тұлға 13,4 млрд. теңге сомадан астам айыппұл түріндегі жазаға сотталды.Бұл барлық құқық қорғау органдарымен тергелген қылмыстық істерге қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу материалдары бойынша 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін 1315 тұлға 9 млрд. 642 млн. теңгеден астам сомадағы еселенген айыппұлға сотталды.

Жылдар бойынша алатын болсақ Ұлттық бюроның тергеу материалдары бойынша 2016 жылы - 405 азамат 2,1 млрд теңгеден астам еселенген айыппұлға, 2017 жылы – 402 тұлға 2,5 млрд теңгеден астам еселенген айыппұлға, 2018 жылы – 433 тұлға шамамен 4,5 млрд теңге еселенген айыппұлға сотталды. Ағымдағы жылы 75 азамат 472 млн теңге сомадан астам еселенген айыппұлға сотталды.

1315 сотталғанның жартысынан көбі – 793 тұлға пара алғаны үшін, 259 тұлға – пара бергені үшін, 72 тұлға – парақорлықта делдал болғаны үшін еселенген айыппұлға сотталды. Қалған сотталғандар лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодекстің өзге баптары бойынша сотталды.

Сонымен қатар, белгіленген соманы төлемеуіне байланысты 10 сотталғандарға еселенген айыппұл түріндегі жазаның орнына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ювенальді полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлары А.Хабибулина, Ә.Найзабекова, Б.Есеналиева жеке кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін 300 мың теңге сомасындағы пара алуда 7,5 млн теңге сомадағы еселенген айыппұлға сотталды. Айыппұлды төлемеуіне байланысты жаза 7 жыл бас бостандығынан ауыруға ауыстырылды.

Өзге мысал, азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін 200 мың теңге сомадағы пара алғаны үшін сотталған Атырау облысы ІІД Мақат аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Д.Булжановтың 17,5 млн теңге сомадағы еселенген айыппұл жазасы 5,6 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
Бағдат ӘБДІҚАДЫРОВ,
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
29 наурыз 2019 ж. 1 489 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930