Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 88 педофилді химиялық кастрациялауға бюджеттен қаржы бөлінді

Қазақстанда 88 педофилді химиялық кастрациялауға бюджеттен қаржы бөлінді

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кәмелетке толмағандарға сексуалдық қорлық көрсеткен  88 педофилді кастрациялауға  қаражат бөлінгенін хабарлады.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілетеме жасай отырып хабарлайды.


«Пенитенциарлық жүйенің бөлімшелері: 2019 жылы 88 педофилге химиялық кастрация жүргізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр - деп хабарлады.
Денсаулық сақтау басқармаларының деректеріне сүйенсек 2018 жылы Қазақстанда сот шешімдеріне сәйкес екі сотталған педофилді кастрациялау тағайындалған болатын. КУИС мәліметтері бойынша, тұтқындар Жамбыл және Павлодар облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде.
Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда химиялық кастрациялау процедурасы жүргізілмегенін айтты.

Сонымен қатар, ведомство кастрацияға қатысты ережелерді түсіндірді. Процедура сот шешімі негізінде және жыныстық артықшылықтан зардап шеккен адамдарда декомпенсациялардың жай-күйін болдырмау мақсатында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері» кастрация  адамдарға елеулі зиян келтіретін немесе өздеріне сондай-ақ басқа адамдарға қауіп төндіретін жағдайларда ғана тағайындалады.

Департамент сондай-ақ, мәжбүрлеп емдеуге жататын адамдардың ықтимал саны тек сот-тергеу органдарына ғана белгілі болатынын мәлімдеді.
Айта кетсек, химиялық кастрация - жыныстық белсеенділікті азайтатын препарат. Бұл рәсім кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық-зомбылықпен  қылмыс жасаған 18 жастан асқан тұлғаларға қолданылуы мүмкін.
28 наурыз 2019 ж. 1 084 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 68

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 44

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 75

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 81

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031