Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», -деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде. Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған хабарламаға түсініктеме берген. «WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеу жүргізуге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын ақпараттарға сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми мәліметін пайдалануға шақырады», - деді Ж.Бекшин. Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Ол дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды. Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды. Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.
04 маусым 2018 ж. 1 446 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 59

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 97

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 53

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 51

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031