Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саясаттанушы Қазақстанның президенті кім болуы мүмкін екенін айтты

Саясаттанушы Қазақстанның президенті кім болуы мүмкін екенін айтты

Әзірге Дариға Назарбаеваның мемлекетті басқару үшін тәжірибесі жеткіліксіз. Танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев осылай дейді, деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Саясаттанушы Қазақстанның келесі президенті Дариға Назарбаева болуы мүмкін деген пікірге қатысты ойын айтты.

«Бұл туралы өсек-аяң үнемі көп болған. Алайда оның саяси қоржынында мемлекеттік басқару үшін тәжірибесі жеткіліксіз», - дейді Данияр Әшімбаев.

Сонымен қатар Әшімбаев елдегі саяси ахуалды бұрынғыдай Ақорда бақылайтынын атап өтті.

«Негізгі кадрлар тағайындалды. Саясатта ешқандай оқыс қадам болмайтыны туралы мәселе Тоқаевпен келісілген болуы мүмкін. Ол Назарбаевтың ресми мерзімінің соңына дейін президент болып қалады. Артынша екі жылдан кейін жоспарлы сайлау өтуі тиіс. Менің ойымша, Тоқаев тағы бір президенттік мерзім көлемінде мемлекет басшысы болып қалады. Алайда қазір бұл туралы айтуға ерте», - дейді саясаттанушы.
27 наурыз 2019 ж. 3 754 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 63

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031