Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев кеткен жоқ...

Назарбаев кеткен жоқ...

Ол кетті, бірақ әлі де қалды. Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Facebook парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.

Назарбаев кеткен жоқ: сарапшы Қазақстан президентінің отставкаға кеткені жайлы

Назарбаевтың отставкаға кетуі тосынан болмады. Бірнеше жыл бойы үкімет саяси және конституциялық маневрлар жасады. Биылғы жылдың ақпанында Қазақстанның Конституциялық Кеңесі президенттің өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды, дейді Досым Сәтпаев Ресейдің BBC телеарнасына берген сұхбатында еске түсіріп.

Назарбаевтың әкімшілігі Конституциялық кеңестен президент өз еркімен отставкаға кете ала ма деген қызығышылық танытты. Ал кеңесте кете алатынын хабарлады.

«Сол кездің өзінде отставкаға кетуге дайындалып жатқаны туралы айтуға болар еді», - дейді Сәтпаев.

Сонымен қатар, Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің жетекшісі болып қала береді, себебі оның өкілеттігі кеңейтілген болатын. Сонымен бірге, ол «Нұр Отан» партиясының да басшысы болып қала береді.

Бұдан басқа, Назарбаевта 2010 жылы заңды түрде берілген ұлт көшбасшысының мәртебесі бар.

«Сол кездің өзінде бұл билік транзитінің жүйесін құрудағы алғашқы қадам болды», - деді саясаттанушы.

Конституцияға сәйкес, ҚР Президенті лауазымына келесі адамды сайлау алдында президенттің міндетін парламент спикері атқарады. Бұл жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаев келесі сайлауға дейін президенттің міндетін атқаратын болады. Бірақ, саясаттанушы Назарбаев Тоқаевты өзінің мұрагері етіп тағайындады деп есептемейді.

Ал келесі президенттік сайлау 2020 жылға жоспарланған.

«Бұл өте қызықты шиеленіс болғалы тұр: біз президенттік сайлауға кімдердің қатысатынын және қатыспайтынын көреміз», - дейді сарапшы.

«Аса көп уақыт қалған жоқ. Сайлауда біз нақты мұрагерлерді көретін боламыз», - деді Сәтпаев.

Саясаттанушышың сөзінше, кез-келген жағдайда, Назарбаев орнынан кеткенімен саяси жүйені бақылаудан шығармайды.

«Оның кетуімен президент лауазымы кенеттен екінші дәреже болып қалды», - деді Сатпаев.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдан бері ел басқарып және президенттік сайлауда бес рет жеңіске жеткен болатын.
20 наурыз 2019 ж. 1 566 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 44

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031