Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Digital agent» мобильдік қосымшасы таныстырылды

«Digital agent» мобильдік қосымшасы таныстырылды

Жуырда Өңірлік коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғ.Ілкібаевтың қатысуымен «Digital agent» мобильдік қосымшасын таныстыру жөнінде баспасөз брифингі өткізілді.

«Digital agent» мобильдік қосымшасы Агенттіктің бастамасымен 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.
Мобильдік қосымшаның артықшылығы – қызмет алушылар сол мезетте мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, орын алған кемшіліктерге, қызметкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.

Қазіргі таңда мобильдік қосымша арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, ҚР Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетілген қызметтердің сапасына баға беру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта сот органдары, әкімдіктер мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі органдары қосылуы күтілуде.

Бүгінгі таңда, аймақта «Digital agent» мобильдік қосымшасы арқылы 300-ден астам азамат қызмет берушілердің жұмысына баға берген.

Бағдат ӘБДІҚАДЫРОВ,
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
26 наурыз 2019 ж. 1 848 0

Үшінші рет үйлендім

03 ақпан 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728