Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көжесі бал татыған

Көжесі бал татыған

Ұлыстың ұлы күні жасалатын сыйлы ас – Наурыз көже әр шаңырақта түрліше дайындалады. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән қосылады. Қазақ халқы оны келер жылғы молшылық, берекенің белгісі ретінде қабылдайды.

Көктем келісімен наурыз көже жасаудың қамына кірісетін жанның бірі – Ақтан батыр ауылының тұрғыны Күлзира әже. Біз мереке қарсаңында жылдағы дәстүрінен жаңылмай, биыл да ағайын-туыс пен бала-шағасына наурыз көже дайындап жатқан Күлзира әженің үйінде болып, қадірлі астан дәм таттық.

Бізбен әдемі әңгіме тиегін ағытқан Күлзира апа енесі Нағима әжеден көп тәлім-тәрбие алғанын айтады. Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеудің қыр-сырын ерінбей үйренген. Жолдасы Сәндібек екеуі өмірге он екі бала әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Бүгінде немере-шөберенің сүйікті әжесі ұрпағын үнемі еңбекқор, кез келген іске икемді, шаруаға бейім етіп тәрбиелеуде.

Жастайынан үй тірлігінің қай-қайсысын болмасын үйіріп әкететін Күлзира Көптенқызына келін болып түскен сәтте сиыр, бие сауып, сүт пісіру, қатық ұйыту, сүзбе әзірлеу, ашыған көже дайындау, құрт, брынза, ірімшік қайнату қиын болмапты. Күлзира ананың келіндері Мәдина, Лаура, Гүлнәз, Көркем, Динаралар да дәмнің неше түрін дайындайды.

– Наурыз көжені қыстан қалған сүр етті, күзден жинаған құртты, сақтаған сары майды басқа да дәнді-дақылдарды қосып әзірлеймін. Қазан толы, берекеміз мол жыл болсын деген ниетпен «ұзынсарыға» сақталған сүр етті тұтастай наурыз көжеге салып қайнатамын. Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы бар азық-түлігін пайдаланады. Бірнеше дәнді дақыл қосудың астарында бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр. Әр наурызда қазаным көжеге толады. Көпшілікке дәм татқызамын, – дейді Күлзира Ұзақбаева.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
24 наурыз 2019 ж. 1 638 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031