Дәстүрді дәріптеген білім ордасы

Бүгін 7 «ә» сыныбы «Ат тергеу» және 5 «ә» сыныбы «Төс қағыстыру» салттарын сахналады. Сынып жетекшілері Айгүл Мырзабаева мен Айнұр Талапбаеваның ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада оқушылар бар өнерін ортаға салды. Бірі әуелете ән шырқаса, енді бірі мың бұрала би биледі. Наурыз мерекесінің басты дәмі – Наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.
«Жыл сайынғы дәстүрге сай биыл да Наурыз мерекесін тойлауды көктем шығысымен қолға алдық. Бұған дейінгі жылдары әр сыныпты ауылдарға бөліп, Наурыз тойын тойлайтынбыз. Биыл қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен көрініс көрсетуді тапсырған болатынбыз. Өзіңіз куә болғандай оқушылардың барлығы өнерлі, талантты. Балаларымыздың жан-жақты қабілетті болуына ұстаздардың қосар үлесі зор», – дейді мектеп директоры Эльмира Сматуллаева.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ.