Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтанның Нұрлы жолы

Нұрсұлтанның Нұрлы жолы

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық телеарналардан тікелей эфирде жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Бұл - тариxи тұлғаның тариxи шешімі. Нұрсұлтан Назарбаев өз мәлімдемесінде билікте болған 30 жылына шолу жасап, мемлекет тарихындағы маңызды оқиғаларға тоқталып өтті. Шын мәнінде Тұңғыш Президент өте қиын, күрделі кезеңде ел тізгінін қолына алды. Кеңестік Қазақстаннан Тәуелсіз Қазақстан қалыптастыру жолында үлкен жауапкершілікті мойнына жүктеді. Қиын-қыстау уақыттан елді аман алып шықты. Қарап отырсақ, тәуелсіздік жылдарында жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Мемлекеттің даму үрдісін жалғастыратын тұлғалар қалыптасты. Осының бәрі мемлекеттік саясатта сабақтастық жүретінін көрсетеді. Үлкен өзгеріс болады деп ойламаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент деген мәртебесі сақталады. Нұр Отан партиясының төрағасы қызметінде қала береді. Соңғы өзгерістерге байланысты Қауіпсіздік кеңесі төрағасының құзыреті кеңейді.

Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президенттің ел қуатын еселеуге қосқан еңбегі мен үлесі шексіз. Қазақ мемлекеті жаңғырды. Шекарамыз белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз анықталды. Тәуелсіздік құндылықтары қалыптасты. Қазақстан әлемге танылып, ғаламдық саяси процестерге белсенді араласа бастады. Осы 30 жыл қазақ тариxында "Нұрсұлтанның Нұрлы жолы" деген атаумен қалады.
20 наурыз 2019 ж. 1 136 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 150

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031