Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Президент сайлауы туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді

Елбасы Президент сайлауы туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді

Әлеуметтік желіде жиі талқыланатын мәселенің бірі - Президент сайлауының мерзімінен бұрын өту мүмкіндігі туралы.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында Президент сайлауын өткізу мерзімі туралы айтты. Кездесу 28 желтоқсан күні мемлекеттік телеарналардан көрсетілді.

Сайлауға қатысты сұрақты Президентке блогер Жанна Ильичёва қойды. Қазақстан Президенті мұның көп талқыланатын өте жақсы сұрақ екенін айтты.

Парламент бойынша ешқандай мәселе жоқ. Олар өзінің заңнамалық ролін атқарып жатыр. Парламенттің мерзімі 2021 жылға дейін, олар осы уақытта сайланады. Президент сайлауы2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар деп жүрміз. Ол жайлы уақыт жақындаған кезде айтамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

БАҚ өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы елімізде биыл болған маңызды оқиғаларға шолу жасап, журналистердің түрлі сұрағына жауап берді, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері, қолға алынған реформалар мен жаңғыру бағдарламаларының маңызы және еліміздің сыртқы байланыстары туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жеке басына қатысты сауалдарды да жауапсыз қалдырмады. Сұхбаттың толық нұсқасы YouТube-те жарияланды.
[video=]
29 желтоқсан 2018 ж. 1 144 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930