Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ару-аналар ардақталды

Ару-аналар ардақталды

Өткен аптада Қазалы локомотив жөндеу зауытының әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы халықаралық әйелдер күнін жоғары деңгейде атап өтті. “Отан отбасынан бас­талады” деген ұғымға сәйкес әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Шаңырақтың құты болған әйел елдің өркендеп, дамуына атсалысып, адал қызмет етеді. Зауыт директоры Нұрлан Әлмағамбетов ауыр жұмыста ерлермен қатар иық тіресе тер төккен аруларды шуақты мерекемен құттықтап, ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталды.

Салтанатты шарада өндірістің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметтері үшін зауыттың жұмысшылары Алғыс хатпен және кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйақысымен марапатталды.

Бұл күні құрастыру, доңғалақ және электр машиналарын жөндеу цехының жылжымалы құрама тазалаушылары Жазира Өтепова, Несібелі Сербаева, Жұмагүл Ілияс және электр машиналарын жөндеу цехының ораушысы Рыскүл Қанатбаева мен электр механикалық цехтың кран жүргізушісі Әсемкүл Ешмұратова сый-құрметке бөленді.

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
12 наурыз 2019 ж. 1 596 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 1

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 12

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 16

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031