Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖақсылықЖаса: Қызылордалық полицейлер балаларға арнап концерт ұйымдастырды

ЖақсылықЖаса: Қызылордалық полицейлер балаларға арнап концерт ұйымдастырды

Қызылордалық полиция қызметкерлері аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан жеткіншіктерге арналған қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл игілікті шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында қолға алынды. Аталмыш шара барысында концерттік бағдарлама өткізілді. Оған қонақ ретінде «Азия дауысы» фестивалінің және «Дарын» конкурсының лауреаты, елімізге танымал әнші Бейбіт Қорған шақыртылды.
Аталмыш концертке аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер және облыс тұрғындары шақырылды.
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «2018 жыл - бақытты балалық шақ жылы» болып жарияланған еді. Бұл имидждік жоба қоғамдағы балаларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу, оларға қолдау көрсету қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 400-ге жуық бала жиналды. Залдағы көңіл-күй жылы әрі жайдары болды. Музыка басталғаннан кейін жас көрермендер әннің ырғағымен әншіге қосылып өнер көрсетті.
05 наурыз 2019 ж. 1 099 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 122

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930