Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушылары полиция қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты

Мектеп оқушылары полиция қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты

Қызылорда облысы аумағында 2018 жылдың 19-24 ақпан аралығында өткізіліп жатқан «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы барысында жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесі мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысуға, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып ішкі істер органдарының қызметін дәріптеуге бағытталған шара 21 ақпан күні өтті.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес шара аясында полиция қызметкерлері мектеп оқушылары үшін департамент мұражайына және жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырған. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.
22 ақпан 2018 ж. 2 391 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031