Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заман мамандықтары

Жаңа заман мамандықтары

Стрингер, спичрайтер, хедхантер...Айтқан кезде тіліңіз бұратылатын бұл сөздерді естігенде аң-таң қалатыныңыз анық. Сосын осылардың бәрі жаңа ғасырдағы тұрмысқа ене бастаған мамандық түрлері десе сенбеуіңіз мүмкін. Содан келе көкейімізде “Бұлар немен шұғылданады?” деген заңды сауал туындайды.

ХХI ғасыр адамзат өмірінің бар­лық саласына жа­ғымды жаңалық ен­гізіп ғана қоймай, жаңа маман­дықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ ғасырда қажетсінбеген, тіпті ес­тіп-білмеген сан түрлі кәсіп иелері пайда болуда. Жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуы­на байланысты ортамызға жетіп отырғаны белгілі.
Мәселен промоутер – белгілі компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын адам. Біз бұл сөзді көбінесе даңқты бокс­шы Геннадий Головкиннің жұдырықтасу кешінде жиі естігеніміз бар.
Ал мақаланың басында айтқан стрингерге келетін болсақ, ол белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс видео, фотооператоры. Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді. Бір қызығы бұл қызметпен кез келген адам айналыса алады екен.

Бренд-менеджер – тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман. Логистик – жүк тасымалын қадағалаушы, супервайзер – сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындаушы, веб-мастер – сайт жасаумен шұғылданушы; копирайтер – сайт үшін контент құрушы; коучер – қызметшілердің потенциалын өсіруші, интервьюер – әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізуші, девелопер – жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданушы, сомелье – ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман, рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші. Джобердің жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды.
Бариста – кофе, сусиста – суши дайындаушы. Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасаушы. Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер. Хедхантер – белгілі компанияның жақсы қызметкерлерін басқа компанияға «аулап беретін» мамандар. Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады. Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман. Бұдан бөлек әлемде әңгімелесуші, кезекке тұрушы және сіз үшін киім таңдайтын байер деген қызықты мамандық түрлері де кездеседі.
Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай. Бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатқаны анық. Әрине олардың жалақылары да жаман емес. Мысалы заман ағымына қарай бейімделіп, жаңа мамандықтарды меңгергендердің жүргізуші, кенші, механиктерге қарағанда табыстары әлдеқайда көп.
Осыдан 1-2 жыл бұрын Forbes, Popular Science басылымдары болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандық тізімін жасады. Онда біздің ойымызға кіріп те шықпаған робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жекеменшікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар бар. Соның ішінде 2020 жылы эмбрионды емдеу, яғни іштегі ұрықтың ауруын анықтап, бала тумай жатып емдеу маманы 2025 жылы галактикалық архитектор мамандықтары жоғары оқу орындарында ресми түрде ашыла бастайды деп жоспарланғаны айтылған. Әрине, әзірге бұл мамандықтардың Қазақстанда қашан пайда болатынын дөп басып айту қиын. Бір анығы, болашақта біз ескі мамандықтардың жоғалғанына да, жаңа жұмыс орындарының ашылғанына да куә боламыз.
Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол. Қазіргі таңда заңгер, қаржыгер, мұғалім сынды мамандар көп екені белгілі. Сондықтан да жастарға заман мен ғаламның түрленуіне байланысты пайда болған мамандықтарды игеріп, жұмыс істеген дұрыс. Біз өз кезегінде ата-аналар да балаларына мамандық таңдауда уақыт көшіне ілесе отырып, ақыл-кеңес айта алатындай дәрежеде болуы қажет шығар деп есептейміз. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
02 ақпан 2019 ж. 20 946 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930